қазіргі мектепке дейінгі мекеме

"Айгөлек" бөбекжайы - балалар дамуының үйлесімі

қазіргі мектепке дейінгі мекеме

«Күншуақ» тобы

"Күншуақ" тобы

«Бірдей пішіндерді тап»

Күншуақ» тобы / «Бірдей пішіндерді тап» «Күншуақ» ерте жас тобының оқу қызметі барысытақырыбы: «Бірдей пішіндерді тап»мақсаты: Бір сенсорлық белгіден (пішіні) бірдей заттарды ажырата аладыәдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндірутәрбиеші; Бактыгереева В.К

"Күншуақ" тобы

«Күншуақ» ерте жас тобы мүсіндеу тақырыбы: «Алма»

Күншуақ» тобы / «Күншуақ» ерте жас тобы мүсіндеу тақырыбы: «Алма» «Күншуақ» ерте жас тобы мүсіндеу тақырыбы: «Алма» мақсаты: Ермексазды алақан арасына салып алманы мүсіндей алады. Мүсіндеудің әдіс тәсілдерін біледі Тәрбиеші Серікова К

"Күншуақ" тобы

Ашық сабақ Ғажайып математика әлемі перуза

Күншуақ» тобы / Ашық сабақ Ғажайып математика әлемі перуза Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Ғажайып математика әлемі» «Күншуақ» ересектер тобы.   Тәрбиеші:Тажимуратова П.А.   2019-2020 оқу жылы Білім беру саласы:«Таным»,«Коммуникация», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық» Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Ғажайып математика әлемі» Мақсаты:Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімдерін  тиянақтау. Сандарды тура, кері санауға үйрету, тапсырмаларды орындау арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, ұсақ қол маторикасын дамыту.Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.(жоғары-төмен,ортасы, оң-сол ұғымдары.Ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: 1-ден 10-ға  дейінгі цифры бар карточкалар, геометриялық пішіндер,қиылған дайын шыршалар,есеп шығаруға қажетті заттар;банкалар,жеміс-жидектер,карандаштар,интерактивтік тақта,мнемокесте.  1.Ұйымдастыру. Амандасу. Шаттық шеңбері. Тосын сәт.(есік қағылып,бізге хат келеді) Тәрбиеші:Ой балалар қараңдаршы,бізге хат келіпті.-Қане ашып оқиық. «Айгөлек»бөбекжай балабақшасының «Күншуақ»ересектер тобының балаларына «Мұз қалашығынан»келіпті. -Саламатсыздар ма балалар!біз сендерге мұз қалашығынан хат жазып отырмыз.Бізді қар қаншайымы өзінің ұлпа қарларымен сиқырлап қатырып тастады.Сендерден бізді құтқаруға көмек сұраймыз. Тәрбиеші:-Қане балалар біз Мұз қалашығының тұрғындарына көмектесуге дайынбызба? Балалар:-Ия. Тәрбиеші:-Олай болса аяғымыздағы сиқырлы аяқкиіммен Мұз қалашығына барамыз. -Қане кеттік.(шаңғымен жүру) Мұз қалашығына келу.    Тәрбиеші:Ой балалар қараңдаршы,мұз қалашығы қандай суық екен.Олай болса біз қазір қыс мезгілі туралы әңгімелейік. Интерактивтік тақтамен жұмыс.Мнемокесте. Мнемокесте арқылы қыс мезгілін әңгімелеу.   Қыс туралы тіл жаттығуын айту. Тақпақ. Ыс-ыс-ыс далаға келді қыс, Ар-ар-ар жерге түсті қар. На-на-на біз тебеміз шана, Ла-ла-ла қардан соқтық аққала. Балалармен қайталап айту. Қар ханшайымы шығады. -Саламатсыздар ма балалар!-сендер менің мұз қалашығымда не істеп жүрсіңдер?-Бұл жерден не іздеп келдіңдер?-Сендерді бұл жерге кім шақырды? Тәрбиеші:Саламатсыз ба Қар ханшайымы!Сіздің мұз қалашығының тұрғындарынан біздің балабақшамыздың балаларына хат келді.Олар өздерін Қар ханшайымы қатырып тастағанын айтып,құтқаруды сұрайды. Қар ханшайымы:Ия балалар мен сендеріңді достарыңды қатырып тастадым.Ол үшін сендер менің тапсырмаларымды орыедайсыңдар.Егер менің тапсырмаларымды орындай алмасаңдар онда мен сендерді де қатырып тастаймын. -Ал ендеше орындауға дайынсыңдарма? Балалар:-Ия дайынбыз. Тәрбиеші:Қар ханшайымы біздің балалар тапсырмаларды орындауға дайын. Қар ханшайымы:-Ха,ха,ха қазір мен сендердің тапсырмаларды қалай орындайтындарыңды көріп,бақылып отырамын.(мына жерге жайғасып отырып алайын) 1-тапсырма.Сандарды тура және кері санау.(қармен) Тәрбиеші:қане балалар мына менің қолымдағы қармен сандарды тура және кері санап берейік.(Санау) Тәрбиеші:Ой жарайсыңдар балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді келесі тапсырмамызды орындайық. 2-тапсырма.Кеңістікті бағдарлау.Жеке жұмыс. Балалар шыршаға (жоғары-төмен,оң жақ,сол жақ)бағдарлап пішіндерді қою.    Қар ханшайымы:-Балалар сендер менің бұл тапсырмамды да орындадыңдар.Жарайсыңдар! Тәрбиеші:Енді келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдарма? Балалар:-Ия. 3-тапсырма.Жануарларды санау.(нешеу?,нешінші?)Жануарлар туралы тақпақ айту. Тәрбиеші:-Қане балалар,біз мына мұз қалашығында тұрған жануарларды санайықшы. Балалар санайды. Балалардан сұрау. -Барлығы нешеу?-Аю нешінші тұр?-Бұғы нешінші тұр екен?Ал,пингвин ше?   Тәрбиеші:-Өте жақсы.Дұрыс айтасыңдар.Енді балалар осы жануарлар туралы тақпақ білесіңдерма? Тақпақтар. 1.Аю:Томпаң-томпаң жүретін, Аю үлкен жануар. Балды жақсы көретін, Аю деген жануар. 2.Бұғы:Басына өскен тарбиып, Жапырақсыз бұтағы. Алады одан қан құйып, Емге шипа бұл дағы. 3.Пингвин:Аталғанмен құс болып, Пингвиндер үшпайды. Көрген емес еш тоңып, Мухиттарда қыстайды. Қатар-қатар тізіліп, Маң-маң басып жүреді. Сонда жақсы қызынып, Тоңбайтынын біледі. Қар ханшайымы:-Балалар сендер менің бұл тапсырмамды да орындадыңдар. -Қазір мен сиқырлы таяқшаммен жануарларды тірілтемін.(Музыка қосылады,жануарлардың дыбыстары шығады) Тәрбиеші:Олай болса балалар,енді сергіп дем алайық. Сергіту сәті:Бұғының үлкен үйі бар. Әйнектен көзін салып тұр. Орманнан қашқан бір қоян, Есікті келіп қағып тұр. Тық-тық-тық аш есікті, Орманға аңшы жетіпті. Қоянжан енді,тұрыс не? Қолыңды соз кір ішке. (Музыкамен)   4-тапсырма.Есептер шығару.(жеміс-жидектермен)Жеке жұмыс.                                Тәрбиеші:Балалар тапсырманы өте жақсы дұрыс орындадыңдар.Жарайсыңдар! Тәрбиеші:Енді балалар соңғы тапсырманы орындайық. 5-тапсырма.Жануарларды қоректендіру.(Сызық арқылы)   Қар ханшайымы:-Жарайсыңдар,балалар!Сендер менің барлық тапсырмаларымды дұрыс орындап,мұз қалашығының тұрғындарын құтқардыңдар! -Сендер өте білімді,ақылды балалар екенсіңдер.-Ал мынау менің сендерге арнаған силықтарым және мынау менің сиқырлы таяқшам,бұлда сендерге қажет болып қалар.   Енді менде кетуім керек.Қош сау болыңдар! Балалар:Сау болыңыз! Қорытындылау. Тәрбиеші:-Енді балалар біз мына сиқырлы таяқшаның көмегімен тобымызға қайтайық.

"Күншуақ" тобы

«Келді міне,Алтын күз»

Күншуақ» тобы / «Келді міне,Алтын күз» «Келді міне, Алтын күз» «Күншуақ»ортаңғы топ» Тәрбиешілер:Бактыгреева В.К Тажимуратова П.А 01.11.2018 жыл Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Тәрбиеші:Қарсы алайық бәріміз,                          Жасымыз бен кәріміз.                           Қырдан кепті қыдырып,                          Алтын күз бізге нұр төгіп. Саламатсыздар ма,балалар! Сіздер бүгін «Күншуақ»тобының «Келді міне,Алтын күз» атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер! Би:Жапырақтар Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шөп сарғайып, өңі тайып,Дала сұры қашады.Бой жаза алмай, ойнай алмайДенең мұздап тоңады.Айтыңдаршы балалар Бұл қай кезде болады? (Күзде) (ендеше, күз мезгіліне арнаған тақпақтарымызды айтайық) Тақпақтар 1)Нұрдана Қуаныштың ағайын, Қоңырауын қағайын. Қуандырып біздерді, Өлкемізге күз келді. 2) Ертуған. Ел егінін жинайтын Қырманға дән силайты Бәздәі дала бай дала Алтын астық айнала 3)Алихан Сап — сары маңай,Сап – сары тоғай.Соңғы әнін айтып.Құс кетті қайтып. 4)Дария Сары ала тон жамылған Күз атамыз секілді Қойны толы дәмділер Тәттісі көп не түрлі   Ән: «Алтын күз» Тоңазып атырап                                                                                                  Көп жеміс піседі Сарғайып жапырақ Саудырап түседі Қ-ы Күз жомарт дейміз біз Жемісін жейміз біз 2)Үстде егінжай Салқын жел соғады Гүл шөбі белдің сай Қуарып солады. Тәрбиеші:Балалар білесіңдер ме күзде құстар қайда ұшып кетеді? Дұрыс жыллы жаққа ұшып кетеді.Жыллы жаққа ұшып кететін құстардың биін тамашалайық. Би:Құстар (қыздар) Көрініс Сафия : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!Басым айналып барады!Бағдаулет: Енді, енді не етеміз?!Софияға қалай көмектесеміз?К.Ернур: Сабыр сақта, саспайықДәрігер шақырайық!Сафия : Жо — жоқ! Дәрігер керек емес!Бағдаулет : Онда дәрі ішіп ал,Менде міне, көп дәрі бар!Сафия: Жоқ,жоқ мен дәрі жеуден қорқамын.  К.Ернур:Онда дәрігер шақырайықБәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)М.Амирхан Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар!Қандай шағым, арыздар бар?Бәрі бірге: Софияға дәрігерлік көмек керек!М.Амирхан Дәрігер : Қазір қарап шығайын,Неден ауырғанын ұғайын… (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)М.Амирхан Дәрігер — А — а — а — деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)Тістерің орнында, тамағың іспегенҚызуың ыстық екенБілдім, неден ауырғаныңды…!Жеткілікті мөлшерде ағзаңаДәрумендер жетіспеген!Сафия : Енді не істеймін?М.Амирхан Дәрігер: Қазір күз мезгілі түсті ғой, Жемістер де, көкөністер де пісті ғой! Қоймаға қоңырау шалайын Күз өнімдерін осында алдыртайын!(Қалта телефонымен қоңырау шалады) — Алло, алло! Қойма ма?  Бізге жемістер мен көкөністер керек  Машинаға тиеп жіберіңіз Мүмкін болса тезірек! (Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді) Аделя :Алма:  Пісіп тұрған алмамын Тамсандырар бал дәмім Мәз болады алғандар Тілін балдай үйірем Динара :Өрік:   Дөп дөңгелек сап сапры  Ішінде бар дәні Қызығасың көріп Менің атым-Өрік Бекнұр:Жүзім: Мені бәрі жүзім дер Бір — бірлеп дәмдеп үзіп жер Қызықтырам көркіммен Қатар — қатар тізілген Саржалин Амир Шие: Мен шиемін, шиемін Күннің көзін сүйемін Қажеттімін адамға Оны жақсы білем   Мейрам Сәбіз Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де   Бибіана Қызанақ: Менің атым – қызанақ Тұзды сеуіп молырақ Банкілерге салыңыз Аузын мықтап жабыңыз Тағамға дәм қосамын Қыста тәбет ашамын Дәрігер:Балалар әрқашан жемістер жеп жүріндер. Сафия :Рахмет,дәрігер. Тәрбиеші.Міне көрдіңдер ме,балалар адам ағзасына жеміс пен көкөністің пайдасы көп екен. ! Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар! Дәрігер:Сау болыңдар!Ауырмаңдар! Тәрбиеші:Балалар,бізге Алтын Күз қонаққа келемін деп еді.Әлі жоқ?Мүмкін адасып қалды ма екен?Қәне, балалар  ән айтайық мүмкін дауыстарыңызды есітіп келіп қалар. ӘН: Жемістер. 1.Менің қара көзімдей, көзімдей, көзімдей Қарақаттар тізілген, тізілген, тізілген Қ-сы Күзім- ау, күзім- ау Мінезің қызық- ау Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық –ау 2.Пісір тұрған жүзімді, жүзімді, жүзімді Теріп алдым бірін мен, бірін мен,   Тәрбиеші:Балалар, Алтын күз естіммей жатырған секілді.Мүмкін мына жердегі саңырауқұлақтар би билеп берер. Би.Саңырауқұлақтар.   (Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)Күз бен жел кіреді: Айгерім Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.                                               Әуен: Сиқырлы  Бұлт: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды. Тәрбиеші:Бұлт,сен неге күзді сиқырлап тастадын?Балалар Алтын  күзді күтіп отыр гой? Бұлт: Мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.Тәрбиеші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.                               Ойын: «Қасықпен картопты жина»                                                           Тәрбиеші: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң? Күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр. Бұлт: Жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер!Жарайды күзді оятайын. Ахалай, махалай суф !Күз оянады. Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын күз Сары алтынға малынған   Мен Алтын Күзбін! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бұлт:Міне,Алтын күзді ояттым!Мен мен аспаныма кетейін.Сау болыңдар! Балалар:Сау болыңыз! Тәрбиеші:Қош келдің,Алтын Күз! Төрлет! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалаңыз. Тақпақтар: Ж.Санжар Нұрға бөлеп өмірді,Жырға бөлеп көңілді,Жарқыраған сәулеліКүз әуені төгілді. Т.София Біреу астық түсіріп,   Біреу бидай ұшырып.   Жатқан мезгіл күз екен   Алдым соны түсініп К.Ернур Қоңыр салқын тарады Қойнаулар мен сайлардан Қаздар қайтып барады Қайтқан елдей жайлаудан, М.Софа Көптен күткен күз келді Жеміс жидек піседі Жапырақтар сарғайып Ағаштардан түседі. Бағдаулет: Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді. Алтын күз.Жарайсыңдар.балалар! Балалар,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр , бірге ойнайық. Ойын «Көкөкністерді жина» Керек заттар (обруч,машина,көкөністер) Алтын күз :Жарайсыңдар ,балалар! Би. Бақалар   Тәрбиеші:Қәне, балалар Алтын күзге тақпағымызды айтып берейік.  Тақпақтар Айтмағабетов Е Өнім үйіп тастадық, Оқуды да бастадық. Берекелі алтын күз, Ашық болсын аспаның Малика Жеміс жидек піседі Қамбаға астық түседі Қызу жұмыс басталып Жинап алды жан салып Кирилл Айнала сап сары Қырманға дән тола Жемістер пісіпті Қоймаға түсіпті У.Камилла Күздің қазан айында Алма алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр сыбдыр етеді. Ән:Күзгі жаңбыр 1.Күзгі жаңбыр төгіп тұр Көше бойын сел қылып Күн шығады төгіп нұр Күллі әлемді таң қылып Қ-сы Жау жау жаңбыр,жау жаңбыр Сай салаға құя бер 2.Шаң басыылып көшеде Кемпірқосақ шығады Аққу келіп көліне Ақша қаздар ұшады     Би: Қолшатыр   Алтын Күз:Өте жақсы, балалар, рахмет!. Алтын Күз: Балалар, сендердің өнерлерінді тамашаладым. Ой, балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар!Менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші. Тәрбиеші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын!  (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).   Міне, балалар«Келді міне,Алтын күз» атты ойын сауығымыз аяқтады .Күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Ал, келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейміз.

"Күншуақ" тобы

Саңырауқұлақ

Күншуақ» тобы / Саңырауқұлақ ҰОҚ: Мүсіндеу.Тақырыбы: Саңырауқұлақ.Мақсаты:Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету.Тарбиеші: Бактыгреева Венера.

Scroll to Top